Словенияға қарсы ойында алаңға шығатын ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды
© Сурет: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словенияға қарсы ойында алаңға шығатын футболшыларымыздың бастапқы және қосалқы құрамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, кездесу барысында әр команда ойыншыларын бес рет алмастыруға мүмкіндігі бар.
Слованияға қарсы өз алаңында ойын өрнегін көрсететін футболшылар тізімі төмендегідей (бастапқы құрам):
Шацкий (12), Әліп (3), Быстров (4), Дарабаев (7), Тағыберген (8), Исламхан (9), Вороговский (11), Айымбетов (17), Зайнутдинов (19), Марчкин (22), Чесноков (23).
Қосалқы құрам:
Покатилов (1), Заруцкий (15), Жақсыбаев (2), Балтабеков (5), Пайруз (6), Самородов (10), Скворцов (13), Шушеначев (14), Ульшин (16), Қасым (18), Астанов (20), Жақсылықов (21).
Ойын Алматының орталық стадионында өтеді. Кездесудің басталуы бүгін, жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге жоспарланған. Матчты "Kazsport" телеарнасынан тікелей эфирден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:25, 20 шілде 2026
Елжас Өтіншіев «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
-
09:15, 20 шілде 2026
Эльбрусқа көтерілу кезінде екі альпинист таудан құлап түсті, бірі қаза тапты
-
09:06, 20 шілде 2026
Қазақстанда медицина мамандары өңірлердің сұранысына қарай даярланады
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады





