СҚО әкімдігінің сәулет-құрылыс басшылығы 650 мың теңге парамен ұсталды

11:40, 27 қаңтар 2020

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алу бойынша айып тағылды.

Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкцияланды.

Бұдан басқа, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға бағытталған, олар жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!