СҚО-да екпеден бас тартудың салдарынан сирек кездесетін ауру өршіп кеткен

11:45, 13 желтоқсан 2019

Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел өршіп барады. Дәрігерлер вакцинациядан бас тарту себебінен бұрын құрттық, жойдық деген балалар аурулары қайта бой көрсетуде деп дабыл қағады. Өйткені көкжөтелмен ауырғандардың дені екпе алмаған балалар. Мысалы, бұл өңірде 270-тен астам бала екпеден бас тартқан. Оған қоса екпеге қарсылардың қарасы күннен күнге өсіп келеді. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме жасап, zakon.kz хабарлайды.

"Солтүстік Қазақстанда көкжөтелдің 25 жағдайы екпенің уақытында алмауынан болып отырғанын көрсетті. Иммундық жүйеге қарсы көрсеткіштер бар, бірақ балалардың 42% -ы ата-аналарының екпе салдыртудан бас тартқандықтан ауырып қалған. Балалар үшін бұл ауру түрі қауіпті. Бірақ адамдар оны ұмыта бастады, өйткені көкжөтелден адамның көз жұмғанын естімегіне көптеген жылдар болды. Ал ондай жайтты дәрігерлер екпенің арқасында болдырмай отырғанын қоғам біле бермейді. Керісінше, екпенің қауіптілігі жайында алып-қашпа сөз көп, соған көбісі сенеді. Міне, соның салдарынан Петропавл тұрғыны бүгін қайғылы жағдайға душар бола жаздады", - дейді телеарна тілшісі.

- Балам кішкентай болған кезде оған АКДС салды. Бірінші ретінде қызуы 40-қа дейін көтерілді, ол екпені әрең көтерді. Содан кейін мен екпе салдыртудан бас тарттым, бірақ мені қайта көндірді. Тағы да, баланың температурасы 40-қа көтерілді. Жаным шығып кетті, қызуы түк түспейді, не істерімді білмедім, - дейді Петропавл тұрғыны Оксана Золотилина.

"Интернеттегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттың салдарынан адамдар екпеден бас тартады. Соңғы кездері ондайлардың саны өсіп келеді. Бұл қоғам үшін өте қауіпті", - дейді дәрігерлер.

- Әр әкімшілік аумақта екпенің салынуы 95% -дан кем болмауы керек. Осы көрсеткіш төмендеп кетті. Салдарынан инфекцияға сезімтал адамдар көбейіп, аурудың өршуіне, оның үлкен ошаққа айналуына әкеле жатыр, - дейді инфекциялық және паразитарлық ауруларды бақылау бөлімінің бастығы Күлпаш Таласбаева.

Дәрігерлер екпе қауіпсіз деп сендіреді. Ауруханаларға түсер алдында кез келген вакцина мұқият тексеруден өтеді. Медициналық қызметкерлердің пікірінше, күмәнді дәрілерді адамдарға салып, ешкім тәжірибе жасамайды. Олай етуге басы екеу емес. Олар соңғы жылдары аймақта вакцинадан кейінгі дерттің асқынулары болмағанын айтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!