Синоптиктер 6 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

23:56, 5 желтоқсан 2023

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың орталығында қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!