Синоптиктер республика бойынша 1 сәуірде күн құбылмалы болатынын ескертті

17:46, 31 наурыз 2026

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 1 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың дерегінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бұл күні еліміздің батысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар, республиканың батысында жауын-шашын мол түседі деп болжанып отыр.

"Елдің қалған бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшеюі мүмкін.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!