Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз әрі мас күйде электровелосипед тізгіндеген жүргізуші ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар аясында құқық бұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласындағы Молдағалиев көшесі бойында патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылау барысында күмән тудырған электровелосипед жүргізушісін тоқтатты.
"Тексеру кезінде 42 жастағы азаматтың мінез-құлқынан алкогольдік масаңдық белгілері байқалып, одан өткір иіс сезілген. Аталған дерек бойынша жүргізуші медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Сот шешімімен азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығын алу мүмкіндігінен айырылды. Электрвелосипед айып тұрағына қойылды", делінген хабарламада.
Бұл жағдай жол қозғалысына қатысушылар үшін маңызды ескерту болып табылады. Кез келген көлік құралын, соның ішінде электрвелосипедті де, мас күйде басқару — тек заң бұзушылық қана емес, адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, жауапкершілік танытуға және жолдағы қауіпсіздікті бірінші орынға қоюға шақырады.
Бұған дейін Семейде жүргізуші куәлігімен байланысты алаяқтық фактісі әшкереленгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:45, 30 наурыз 2026
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 10 жасар бала Елек өзенінен іздестіріліп жатыр
-
20:26, 30 наурыз 2026
Иранда 450-ден астам әйел мен бала қаза тапқан
-
20:26, 30 наурыз 2026
Иранда 450-ден астам әйел мен бала қаза тапты
-
20:15, 30 наурыз 2026
Қазақстандық боксшылар үшін Азия чемпионаты сәтсіз басталды
-
19:53, 30 наурыз 2026
ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов эксперимент жасап жатқанын айтты





