Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 10 жасар бала Елек өзенінен іздестіріліп жатыр
© Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында, Сарыжар ауылынан бес шақырымда орналасқан Елек өзенінде 2016 жылы туған баланы іздестіру бойынша құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы хабарламасында іздеу жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатқаны нақтыланады.
"ТЖМ-нің үш сүңгуір тобы 23 рет суға түсіп, шамамен 550 метр акваторияны тексерді. Бес жүзу құралының көмегімен оқиға орнынан Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырымға жуық өзен учаскесі қаралды. Сонымен қатар, жағалау бойымен екі бағытта жаяу іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда шамамен 20–22 шақырым жағалау аумағы тексерілді. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 90 адам, 30-дан астам техника, алты ұшқышсыз ұшу аппараты, жеті жүзу құралы және ТЖМ-ның "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімдері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылғаны да айтылады.
Айта кетсек, Түркістан облысында да із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:59, 30 наурыз 2026
Қазақстандық гимнаст қыздар Болгариядағы Әлем кубогы кезеңінде көпсайыста өнер көрсетті
-
21:52, 30 наурыз 2026
Қазақстандық баскетболшы қыздар Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларын ойсырата жеңді
-
21:39, 30 наурыз 2026
«Тұман, жаңбыр, найзағай». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:26, 30 наурыз 2026
Иранда 450-ден астам әйел мен бала қаза тапқан
-
20:26, 30 наурыз 2026
Иранда 450-ден астам әйел мен бала қаза тапты





