Синоптиктер қар жауып, күн күрт суыйтын ел өңірлерінің атын атады
© Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы - 2025 жылғы 7 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Болжамға сәйкес, күн күрт суыйды деп күтіледі:
- Алматы облысында және Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус,
- ал Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында 1-3 градус суықты көрсетеді.
"Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар республикамыздың бірқатар облыстарында мынандай сипаттағы табиғат құбылысы кездеседі:
- жоғары өрт қаупі - Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында,
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендейтіні ескертілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 14 шілде 2026
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітап жарық көрді
-
22:38, 14 шілде 2026
Стадионға футбол тамашалауға барған елордалық үйіне айыппұл арқалап қайтты
-
21:15, 14 шілде 2026
Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жарияланды
-
21:04, 14 шілде 2026
«Аптап ыстық, шаңды дауыл, бұршақ»: Қазақстанда 15 шілдеде тұрақсыз ауа райы сақталады
-
20:34, 14 шілде 2026
Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады





