СІМ АҚШ-та ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

16:15, 17 маусым 2026

© Фото: pexels

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты ақпаратқа пікір білдірді.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресми ақпарат түскен сайын қосымша мәлімет беріледі", – деп хабарлады СІМ 17 маусымда.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) 2026 жылғы 5 маусымда жүргізілген арнайы операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстағаны белгілі болды.

ICE мәліметінше, 2025 жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты оны елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.

Сондай-ақ америкалық тарап ұсталған азаматқа терроризмге қатысы болуы мүмкін деген күдік бар екенін және оған қатысты елден шығару жөніндегі түпкілікті шешім күшінде екенін хабарлады. Қазіргі уақытта ол депортациялау рәсімі аяқталғанға дейін қамауда болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!