Сібір жарасынан қайтыс болған адам дер кезінде дәрігерге жүгінбеген
Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасынан қаза болған тұрғын дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе аман қалар еді. Дәрігерлер осындай уәж айтып отыр. 21-қыркүйек күні облыстық мамандандырылған медициналық орталықта 47 жастағы Катон-Қарағай ауданы Малонарым ауылының тұрғыны көз жұмды. Оның сібір жарасын жұқтырғаны расталды. Марқұм өзін 12-қыркүйекте жайсыз сезінген. Ауыл тұрғыны содан үш күн бұрын бұзау етін жіліктеу кезінде қолын кесіп алыпты. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы берген ақпарартқа сілтеме жасап хабарлайды.
Марат Шаронов, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 18-ші қыркүйекте сиптомдары қосылып, біз оны Өскемен қаласына аударуға шешім қабылдағанбыз. Науқас өз шешімімен ауруханадан кетіп қалды. Жергілікті полиция арқылы сағат 12 де қайта ауруханаға қайтарылған.
Белгілі болғанындай, марқұммен 37 адам қарым-қатынаста болған. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Және 15 күн бойы дәрігерлер бақылауда ұстамақшы. Мал сойылған аула да залалсыздандырылған. Осы оқиғадан соң 1 мың 260 бас ірі қара мен уақ малға шұғыл вакцина салынды. Ветеринарлар қайғылы оқиға 1972 жылы сібір жарасынан өлген малдарды көмген орыннан бар болғаны бес шақырым қашықтықта болғанын айтады. Олар қауіпті індет нөсер жауыннан тарауы мүмкін деп топшылайды.
Асқар Жақыпбаев, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: Ошақ 1972-ші жылы сол қорымда мал көмілген. Биыл су тасқыны, жаздай жаңбыр салдарынан шөппен бірге сібір жарасы инфекциясы жер бетіне көтерілуі мүмкін.
Төребекқызы А.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады