Шымкентте жүкті әйелге ота жасаған дәрігерлер бір уыс паразит алды

15:35, 17 қазан 2019

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қыркүйекте Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жүктілік мерзімі 36-37 аптаға келген 1978 жылғы әйел шұғыл түрде жеткізілді.

- Ультрадыбыстық зерттеу кезінде әйелдің бауырының оң жақ аймағында үлкен – көлемі 19 см болатын эхинококк киста табылды. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасады, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Ота кезінде әйелдің толғағы басталып кеткен. Сәтті жасалған операцияның арқасында 5 келі салмақта сау бала дүниеге келді. Нәресте мен ананың жағдайы жақсы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!