Шымкентте жас жігіт скутерді ұрлап, артынша онымен шұңқырға түсіп кеткен
© Сурет: polisia.kz
Шымкент полицейлері скутер ұрлап, апатқа ұшыраған азаматты құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға әл-Фараби ауданында кеш қарайғанда болған. Қонақүйдің жанына скутерін қойған азамат жарты сағаттан кейін қайтып келгенде, көлігінің ұрланғанын білген. Ол бұл туралы бірден полицияға хабарлады.
Тәртіп сақшылары арызды ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеп, іздеу шараларына кірісті. Сыртқы бейнебақылау камераларының жазбасын тексеру кезінде скутерді жас жігіт ұрлап кеткені анықталды. ЖБО-ның көшедегі бейнекамералары арқылы жедел уәкілдер оның ізіне түсті. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды.
Белгілі болғандай, скутердің қасынан өтіп бара жатқан жігіт оталдырғыштағы кілттерді байқап қалып, рөлге отырып, үйіне қарай бет алған. Ол үйінің қақпасына жақындай бергенде жолдың шұңқырына түсіп, ұрланған скутермен бірге жерге құлаған. Алайда кішігірім апат ұрының көлік құралын өз ауласына кіргізуіне кедергі болмаған. Ер адамның денсаулығына ешқандай зиян келмеді.
Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





