Шымкентте заңсыз айналымнан вейптердің ірі партиясы алынып тасталды: үш жігіт қолға түсті

10:06, 3 сәуір 2026

© Фото: unsplash

Шымкентте "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді полицейлер.

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бұған дейін ІІМ Нұрай Серікбайдың ісі қашан сотқа жіберілетінін айтқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!