Шымкентте тәртіп сақшылары арқанға асулы тұрған ер адамды құтқарды
© Сурет: polisia.kz
1 маусымда Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды дар жібінен босатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбекші АПБ-ның "102" арнасына әйел адам хабарласып, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан.
Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті. Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, одан секіріп аумақты шолу кезінде ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапқан.
Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген.
"Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті. Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





