Шымкентте оқушылар кластас қызды зорлағанын видеоға түсірген

09:35, 20 тамыз 2019

Шымкентте мамандандырылған қылмыстық сот 17 жастағы екі жігітке қатысты істі қарады, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Екі дос сыныптас қызды қорқытып, зорлаған. Зорлағанын видеоға түсіріп алған. Екі күннен кейін зорлаушылар видеоны ел-жұртқа жаямыз деп бопсалап, қыздан ақша, компьютер мен мобильді телефон талап еткен.

Қыз қолындағы өз телефонын беруге мәжбүр болды, қалған талаптарын орындай алмады. Балалар видеоны интернетке саламыз дегенде қыз тамырын тіліп, өзіне-өзі қол салмақ болады. Бақытқа орай, сол сәтте үйге қыздың анасы келіп қалған. Медициналық көмек алған соң қыз полицияға арыз жазды.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ, алайда сот дәлелдер жеткілікті деп таныды. Кәмелет жасына толмағандықтан екі жігіттің әрқайсысы бес жылдан бас бостандығынан айыру жазасын алды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!