Шымкентте қыз құбырдан өзенге құлап, суға батып кетті

09:30, 8 тамыз 2022

© Сурет: Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті

Шымкентте Бадам өзенінде оқыс оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған қыз абайсызда өзеннің үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті. Ол жүзуді білмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше сағат бойы құтқарушылар су астында іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде олар қыздың денесін тауып, судан шығарып, туыстарына тапсырды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Шымкент, өзен, су, қыз, құбыр

Сурет: Шымкент қаласы ТЖД

Оқиға орнында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!