Шымкентте құмар ойыннан ұтылып қалған жас жігіт ойынхананы тонап кетті

14:32, 11 желтоқсан 2023

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте ойын клубынан төрт миллион теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұған дейін 3 миллион 800 мың теңгесін ұтқызып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.

"Мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан қаскүнем сейфтегі 4 миллион теңгені алып, ізін суытқан. Жәбірленуші болған жайтты дереу полицияға хабарлаған".Шымкент қаласы полиция департаменті

Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында "ізін суытпай" ұстады.


Ведомство өкілдері 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалғанын, қазір ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!