Шымкентте көз жұмған науқастың созылмалы дерттері болған

21:46, 5 сәуір 2020

Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Әбдіманап Төлебаев коронавирустан көз жұмған науқас жайлы мәліметтер берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлердің консилиумы өтті, сол жақ полисегменталды пневмония диагнозы қойылған. 3 сәуірде коронавирусқа тест нәтижесі оң деп шықты. Науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан 5 сәуірде науқастың жүрегі тоқтады. Коронавирус, екі жақты пневмония диагнозы болды онда. Оған қоса қант диабетінің 2 типті сатысы, созылмалы панкреатит сынды қосымша диагнозы болған,- деді Төлебаев.

Ол бұрын туберкулезден емделген.

Марқұмды Шымкент қалалық Тауарлаы мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімімен жергілікті әкімдік келісе отырып жерлейді.

Науқасты ұлы жүк көлігімен Шымкенттен түсіріп, өзі ары қарай Алматыға кеткен екен. Қазіргі уақытта марқұмның ұлы да Алматыдағы стационарлық ауруханаға оқшауланды", - деп толықтырды сөзін ведомство басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!