Шымкентте коронавирустан көз жұмған әйелдің асқынған басқа дерті де болған

12:43, 1 маусым 2020

Шымкенттегі коронавирустан қайтыс болған науқас туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

1959 жылғы науқас - Еңбекші ауданының тұрғыны. 19 мамыр күні ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Қосымша аурулары болды: ІІІ-дәрежелі артериалды гипертензия. Жоғары тәуекел тобына жататын .- 2 типті қант диабеті, екінші дәрежелі семіздік. Сондай-ақ, науқастың өліміне өкпе тұсындағы қан тамырларында қалыптасқан тромбоэмболия себеп болып табылады. Осыдан ауру асқынған.

Реанимациялық шараларға қарамастан, 30 мамырда сағат 22:10 минутта науқас қайтыс болды. Марқұмммен байланыста болған туыстары анықталды. Оларға ем-дом жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!