Шымкентте кірме жолдар қызметтерінің тарифтері төмендеуде

11:50, 15 шілде 2020

"Дала" және "Отын" ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласс бойынша департаменті "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетіне сілетеме жасап.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы жоғарыда көрсетілген субъектілердің негізсіз табыс сомасы 242 880 теңгені құрады, оның ішінде:

- "Дала" ЖШС-ы бойынша - 72990 теңге;

- "Отын" ЖШС-ы - 169890 теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен келесі уақытша өтемдік тарифтер енгізілді:

- "Дала" ЖШС-ы үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін бір жыл мерзімге 900,43 теңге/вагон-км мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 907,5 теңге/вагон-км 0,8% - ға төмендетумен;

- "Отын" ЖШС-ы үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін бір жыл мерзімге 551,35 теңге/вагон-км мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 572,86 теңге/вагон-км 3,7% - ға төмендетумен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!