Шымкентте әскери есепке тұрғызу науқаны басталды
Шымкентте еліміздің болашақ қорғаушыларын әскери есепке тұрғызу басталды. Бұл іс-шара 5 қаңтардан 31 наурызға дейін ер азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығын белгілеу үшін өткізіледі, деп хабарлайды Mail.KZ.
.jpg)
«Осы жылы Шымкентте 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады», — деп түсіндірді Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндег департамент бастығының орынбасары полковник Ажимухан Шынтаев.
Күн сайын қаланың жергілікті әскери басқару органдарына медициналық тексеруден өту үшін мектеп және арнайы орта оқу орындарының оқушылары келетін болады. Жоспарға сәйкес қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармалары күніне 100-ге жуық адамды қабылдау керек. Алдымен жігіттер әскери қызметке жарамдылығын дәлелдейтін медициналық тексеруден және қажетті құжаттарды тексеруден өтеді. Егер есепке алу барысында емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгілер анықталса, онда олар емдеу-профилактикалық ұйымдарына тіркеледі.
Айта кетсек, азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алу жұмыстары жергілікті атқарушы органдары жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізеді.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери есепке 17 жасқа толған немесе сол жылы толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары жатады.
Барлық іс-шаралардан кейін, жастарға әскери шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл куәлік әскерге шақыру кезінде шақырылушының есепте тұрғанын растайтын құжат болып табылады.
Әскери есепке алғаш тұрған азаматтармен қосымша Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіледі және келісімшарт бойынша әскери қызметтің артықшылықтары түсіндіріледі.
⠀
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген
-
11:47, 18 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
-
11:21, 18 желтоқсан 2025
Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды
-
11:17, 18 желтоқсан 2025
Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы дүниеге келісімен шетінеп кетті - босандырған әйел қамауға алынды





