Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен босатылды

© Сурет: pixabay
Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.
Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.
4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.
"Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген полиция мәліметінде.
Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 16 мамыр 2025
«Пышақты сүрткенін көрдім»: Талғардағы «Қамажай» дүкенінің алдындағы төбелеске қатысқан оқушы жауап берді
-
14:29, 16 мамыр 2025
ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
-
14:16, 16 мамыр 2025
Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: Түркістан облысында алаяқтықпен айналысқан күдікті қолға түсті
-
14:07, 16 мамыр 2025
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды: 216 мың қатысушы және 140 мүмкін балл
-
13:57, 16 мамыр 2025
Алматыда көп жылдық су тапшылығы мәселесін шешу үшін «Ерменсай» су жинағышы салынады