Шымкентте адам өлтіру фактісі тіркелді: Күдіктіні ұстау кезінде полиция қару қолданды
© Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында адам өлтіру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 қаңтардағы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, күдікті өзара кикілжің салдарынан әйелге пышақ жарақатын салған. Жарақаттан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмған.
"Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Күдікті дереу ұсталды. Ұсталған кезде күдікті қарумен қарсыласқандықтан, заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері қызметтік қаруды қолданды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кетейік, 28 қаңтарда Жаңаөзенде де медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерді өлтірген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 29 қаңтар 2026
Алматыда көлік тізгіндеген жас жігіт жол апатына түсіп, қыршын кетті
-
11:47, 29 қаңтар 2026
Қостанайлық тұрғын көлігіне құлаған ағаш үшін әкімдіктен бірнеше миллион теңге өндіріп алды
-
11:34, 29 қаңтар 2026
Алматы облысы әкімдігі екі жер учаскесі бойынша жалған шешімдердің күшін жоюға қатысты пікір білдірді
-
11:28, 29 қаңтар 2026
Түркия университеттері талапкерлер тапшылығына тап болды
-
11:17, 29 қаңтар 2026
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы – 29 қаңтар





