«Шымкент жастар лигасының» жеңімпаздарына шағын автобустар табыс етілді
© Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ - кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық ойындар қайта жаңғырып, реконструкцияланған «Металлург» стадионында өтті.
Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионда жастардың спортпен алаңсыз айналысуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
"Шымкент жастар лигасы" жобасында футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жобаның финалдық кезеңіне қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
"Осыдан үш жыл бұрын республикада алғашқы болып "Шымкент жастар лигасы" атты бірегей жобаны бастаған болатынбыз. Бұл жоба сәтті жүзеге асып, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың үлкен қолдауына ие болып отыр. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс жастарымыздың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруда. Биыл лигаға 6 мыңнан астам оқушының қатысуы – лиганың бұқаралық сипат алғанының көрінісі" – деді қала әкімі.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты шарада маусымның жеңімпаздары марапатталды. Әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шахматтан - Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің, волейболдан - А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының, баскетболдан - М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның, ал, футболдан — Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының командалары лиганың чемпионы атанды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады
-
16:06, 19 желтоқсан 2025
Астанада жаңажылдық шырша шамы қашан жағылады және қай көшелерде қозғалыс шектеуі енгізіледі
-
15:53, 19 желтоқсан 2025
19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады





