Шымкент пен Қостанайда жұрт доллар таппай жүр

16:54, 29 маусым 2020

Доллардың құны демалыс күндеріне қарағанда салыстырмалы түрде аздап өсті, деп хабарлайды "NewTimes.kz" АА.

Мәселен, Алматыда америкалық валюта таңертең 404 теңгеге сатылса, түсте оның құны 405,5 теңгеге дейін өсті.

Елорда мен Талдықорған қаласы тұрғындары долларды 405 теңгеден сатып алуда.

Тараз мен Риддер қаласы тұрғындары американдық валютаны 404,5 теңгеге ала алады.

Ал Шымкент пен Қостанай қалаларында доллар сатылып жатқан жоқ, оның себебі карантин кезіндегі шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты секілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!