Шымкент дүкендерінде алаяқтық жасады деген күдікпен гастролер әйелдер ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында полицейлер сауда орындарында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады.
Тергеу деректеріне сәйкес, олар шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, "қайтарым ақшаның айласын" қолданған.
Яғни сатушыға ірі купюраны бергендей болып көрсетіп, сол сәтте әңгімеге тартып, асықтырып, назарын басқаға бұрған. Осыны пайдаланып, қайтарым ақшаны алып кеткен. Нақтысында, төлем мүлдем жасалмаған.
Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі еліміздің басқа өңірінен, екіншісі шетелден келген. Қазір олардың кемінде төрт ұқсас дерекке қатысы бары анықталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Тәртіп сақшылары азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, асығыстық пен назарды басқаға аудартатын әрекеттерге алданбауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:38, 18 ақпан 2026
Қазақстанда түпнұсқа аяқ киім мен дәрі-дәрмек сатып алу мүмкіндігі жоғарлай түсті
-
13:25, 18 ақпан 2026
Алматы-1 вокзалы қайта жаңғыртудан кейін қандай кейіпте болады
-
13:13, 18 ақпан 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеудің жаңа ережелері бекітілді
-
13:01, 18 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
12:57, 18 ақпан 2026
Қостанайда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді





