Шығыс Қазақстанда суатқа келген жыртқыш фототұзаққа ілікті

13:12, 21 шілде 2026
MKZ: 1557209

© Сурет: pixabay

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтардың біріне Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellinus) су ішіп жүрген сәті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орнитолог – мемлекеттік инспектор Қабыл Минардың айтуынша, бұл – ұлттық парк аумағында сирек кездесетін жануарлардың тұрақты мекендейтінін және табиғи ортаның қолайлы сақталғанын дәлелдейтін маңызды деректердің бірі.

Түркістан сілеусіні – мысық тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Ол кәдімгі сілеусіннің Орталық Азияда таралған түр тармағы болып саналады. Қазақстанда өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауына алынған.

Белгілі болғандай, Ұлттық парктің орманды-таулы алқаптары мен жартасты шатқалдары бұл аңның тіршілік етуіне қолайлы мекен саналады. Сақ әрі жасырын тіршілік ететін сілеусін адамдардың көзіне өте сирек түседі.

Сондықтан фототұзақтарға тіркелген әрбір бейнематериал оның таралу аймағын, мінез-құлқын және санын бақылауға мүмкіндік беретін құнды ғылыми ақпарат болып табылады.

Бұған дейін Марқакөлде жабайы аю автожолда жүргенін жазғанбыз. Оның әрекеті көпшілікті қайран қалдырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!