Шығыс Қазақстанда 3 ересек адам мен 1 бала құтқарылды

14:50, 10 қаңтар 2019

Глубокое ауданында өрт сөндірушілер жолда қалған үш ересек адам мен бір баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға кеше күндіз, 9-қаңтар күні орын алған. «ВMW X5» автокөлігі Предгорное ауылынан шамамен 7 шақырым жерде сынып қалған көрінеді. Жолаушылар дереу құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Уақыт оздырмай жеткен Верх-Березовка кентіндегі №26-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оларды Предгорное ауылына жеткізіп, туған-туыстарына табыстады. Абырой болғанда жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ дейді құтқарушылар.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда боран соғып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді деп ескертілген болатын. Осыған байланысты облыстық ТЖД мейілінше жолға шықпауды ұсынады. Тіпті ақаусыз автомобиль де қар көшкіні немесе бұрқасын салдарынан жолда қалуы әбден мүмкін дейді мамандар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!