Шығыс Қазақстан облысында орманда шыққан өртті тікұшақпен сөндірді

17:11, 24 тамыз 2024

© Сурет: видео скрині

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Синегор орманшылығында шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт жетуі қиын биік таулы жерде шыққан.

ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен алты рет су төгілді.


0,3 гектар аумақты шарпыған толығымен сөндірілді.

ТЖМ орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!