ШҚО прокуратурасы 139,8 млн теңгенің алиментін өндіріп берді

11:46, 14 тамыз 2020

Алименттерді өндіру мәселесі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында. Берешек сомасын азайту мақсатында борышкерлермен жан-жақты жұмыс жүргізілуде, түсіндіру және шектеу сипатындағы шаралар қабылдануда, алдын алу шаралары қолданылуда, деп хабарлайды zakon.kz Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бірлескен жұмыс пен тығыз өзара іс-қимылдардың, сондай-ақ қабылданған шаралардың нәтижесінде осы жылы 139,8 млн.теңге сомасында берешек өндірілді. Ай сайын 3,7 мыңға жуық бала ата-аналарынан заңды төлемдер ала бастады.

Жұмыссыз ретінде облыстың 1306 тұрғыны есепке алынды, оның 1053 жұмысқа орналастырылып, кейбіреулері қайталап оқыту курстарына жіберілді.

Алименттерді қасақана төлемеушілерге қатаң шаралар қолданылады.

Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарған 60 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 33 адамға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, 27 борышкерге қатысты істер жәбірленушілермен татуласуына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмағандарды асырау міндеттерін орындамағаны үшін тағы 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 61 адамға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылды, қалғандары айыппұл төледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!