ШҚО-да үш жасар бала тойда жаңғаққа тұншығып, қайтыс болды

14:52, 18 қараша 2021

© Сурет: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала үйлену тойында жаңғаққа тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көктал ауылында 2018 жылы туылған баланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПБ.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!