ШҚО-да түн жамылған біреу колонияға 135 дана трамадол лақтырмақ болды

22:08, 11 мамыр 2021

© Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері ерекше тәртіптегі колонияға есірткі жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іргелес аумақты патрульдеу кезінде мекеме қызметкерлер таңғы 5-тер шамасында скотчпен оралған 2 түйіншекті тәркіледі, оны белгісіз адам негізгі қоршау арқылы колониядағы сотталғандарға лақтыруға тырысқан.

Лақтырмақ болған адам өз жоспарын жүзеге асыра алмады, ол патрульді көріп, 2 дана түйіншектелген орамды сотталғандарға лақтырып үлгермеді. Қызметкерлермен Өскемен қ. ПБ полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, түйіншектелген заттың ішінен екі ұялы телефон, 135 дана трамадол және 6 (алты) 0,5 мг сыйымдылықтағы, белгісіз зат табылды, - деді әділет майоры Жасұлан Баденов


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!