ШҚО-да полицейлер мал ұрлығының бетін ашты
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында полицейлер түнгі уақытта жасалған мал ұрлығы фактісін ашты.
Анықталғандай, наурыз айының басында екі таныс алдын ала мал ұрлауды жоспарлап, аудан аумағындағы шаруашылықтардың біріне барған.
Қарлы жермен жүру үшін күдіктілер ат пен шананы пайдаланып, ұрланған малды байқатпай алып кетуді көздеген.
Түн жамылған уақытта олар бес бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Қылмыстың ізін жасыру үшін малды көрші елді мекенге апарып, заңсыз екенін біле тұра танысының қорасына жасырған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктілердің жүріп өткен бағытын анықтап, ұрланған малды тірі күйінде тапты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:56, 3 сәуір 2026
БҚО-да полиция мемлекеттік нөмірін изолентамен өзгерткен жүргізушіні ұстады
-
14:49, 3 сәуір 2026
Өскеменде полицейлер алаяқтықтың бетін ашты
-
14:36, 3 сәуір 2026
Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды белгілеу ұсынылды
-
14:24, 3 сәуір 2026
Астанада электросамокаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 50 адам зардап шекті
-
14:18, 3 сәуір 2026
Геологиядағы ауқымды жоспарлар: Қазақстан қай өңірлерде сейсмикалық зерттеу жүргізеді





