ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі
© Фото: unsplash
Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымды "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
Тыйым салынған тауарлар Өскемендегі екі сауда үйінде кальян дүкендерінен жасырын сатылғаны анықталды.
Бірінші дүкенді тінту кезінде жедел уәкілдер 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан.
Екінші дүкеннен тәртіп сақшылары 115 электронды темекі тәркілеген.Шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Полиция департаменті биыл 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:05, 15 қаңтар 2025
Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады
-
12:53, 15 қаңтар 2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болды
-
12:45, 15 қаңтар 2025
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
-
12:38, 15 қаңтар 2025
Алматыда жеңіл көлік билбордқа соғылды: жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған
-
12:26, 15 қаңтар 2025
Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі