ШҚО-да қатты жел соғып, нысандарды бүлдірді

16:56, 28 қазан 2020

Күршім ауданының Алғабас ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл жағдай туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне түскі сағат он екі кезінде келіп түсіпті. Алғабас ауылында ұйытқып соққан желдің жылдамдығы 19м/с-ға дейін жеткен. Күшті жел мәдениет үйінің шатыры мен бір жақ қабырғасын (70 шаршы метр темір қаптама) қоса жұлып әкетті. Зардап шеккен жан жоқ. Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы сол жерде жұмыс істеп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!