ШҚО-да ірі есірткі қоймасы жойылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталып, жолы кесілді.
Арнайы операция облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүзеге асырылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Тінту кезінде күдіктінің гаражынан есірткі сақталған қойма табылды. Онда өсімдік тектес зат салынған екі қорап, көлемі 120 литр болатын жартылай толтырылған алты пластик бөшке, сондай-ақ қалдықтары бар үш бөшке және буып-түюге арналған материалдар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы — оларды сақтау, тасымалдау немесе өткізу — мүлкі тәркілене отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 21 сәуір 2026
Әділет үшін күрескен тұлға: Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
-
11:26, 21 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:09, 21 сәуір 2026
2027 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына бір рет тапсырылады: себептері айтылды
-
10:51, 21 сәуір 2026
Қазақстанда кейбір азаматтар үшін тұрғын үйді қайта жоспарлау талаптары жеңілдетілді
-
10:36, 21 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидаларын бекітті





