ШҚО-да браконьер құны 13 миллион теңгені болатын жануарларды атып тастады

15:29, 30 маусым 2022

ШҚО. 30 маусым. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылының шетінде браконьер тіркелмеген 28 калибрлі тегіс ұңғылы қарумен арқарды атқан. Қаскүнем сол ауылдың 38 жастағы тұрғыны болып шықты, ол заңсыз арқарлар мен күзендерді аулаған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қоршаған ортаға келтірілген залал 13 миллион теңгеден астам қаржыны құрады. Қылмысты табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «ОХОТЗООПРОМ» инспекторларымен бірлесіп, Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде анықтады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ ірі залал келтірумен пайдалануға тыйым салынған жануарларға заңсыз аңшылық жасауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Санкция алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, мүлкiн тәркiлеумен, бас бостандығынан айыруды және жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді», — деп хабарлады ПД-да.

Жыл басынан бері ШҚО-да жабайы аңдарды заңсыз аулаудың 11 фактісі анықталды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!