ШҚО-да ауа райының қолайсыздығынан адамдар отырған шағын автобус жолда тұрып қалды
© Фото: zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында полиция Өскеменнен Семейге бара жатқан жолда қалып қойған 9 жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметінше, жолаушылар отырған "ГАЗель" көлігі Өскемен – Семей автожолының 64-шақырымында жол жиегіне шығып кетіп, тұрып қалған.
"Шағын автобустың ішінде 9 жолаушы болды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікті қайтадан жол бөлігіне шығаруға көмектесті. Алайда техникалық ақауға байланысты шағын автобус қозғалысын жалғастыра алмайды", - делінген 2025 жылғы 13 желтоқсандағы хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушылармен бірге оқиға орнында қалып, олардың ары қарай жүруін ұйымдастыруға көмек көрсетіп жатыр. Жағдай полицияның бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 21 қыркүйек 2026
Атырау облысында автобус пен арнайы техника соқтығысты: үш жолаушы ауруханаға жеткізілді
-
22:00, 21 қыркүйек 2026
Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі
-
21:04, 21 қыркүйек 2026
Елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, өрт қаупі күшейеді
-
20:43, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық жеке сот орындаушылары мемлекеттен жарты миллиард теңгенің табысын жасырған





