Шетелге барып-келгендер енді екі күн емес, бір аптаға карантинге орналастырылады

16:01, 29 қазан 2020

ПТР-тест анықтамасы жоқ, шетелден келген қазақстандықтардың карантинге орналасу мерзімі екіден жеті күнге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай өзгеріс Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің №59 қаулысында қамтылған.

- Қазақстан Республикасына келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, қолында анықтама болмаған жағдайда, карантиндік ауруханаға 7 күнге дейін оқшауланады. COVID-19 дертінің бар-жоғын ПТР әдісімен зертханалық тексеріс арқылы анықтау үшін, делінген құжатта.

Егер диагноз расталса, ондай адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!