Шетелдік ұйымдардан ақша немесе мүлік алған заңды тұлғалардың есеп беру тәртібі анықталды

09:26, 7 қазан 2025

© Фото: freepik

Шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ақша немесе өзге де мүлік алатын және оларды пайдаланатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты кейбір мәселелер жөнінде бұйрық жобасы дайындалды.

Жобаның мақсаты – заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан ақша немесе өзге де мүлік алу және оны пайдалану туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ мұндай мәліметтердің нысандарын, мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау нысанын және деректер базасын қалыптастыру тәртібін бекіту болып табылады.

Құжаттың қабылдануы шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ақша немесе өзге де мүлік алатын және оларды пайдаланатын тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы ақпаратты жүйелеуге және оның ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Атап айтқанда, бірыңғай деректер базасы қалыптастырылып, ол ақпаратты жүйелеуге, құқықтық айқындық пен қаржылық ағымдардың ашықтығын арттыруға, көлеңкелі экономиканың тәуекелдерін төмендетуге және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етпек.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 2025 жылғы 20 қазанға дейін көпшілік талқылауға шығарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!