Шерзат Полаттың ісіндегі прокурор қыз ауысады ма. Сот адвокаттардың қарсылығына шешім шығарды
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 6 мамырда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесінде сотталушылардың қорғаушылары прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды сұрап, өтініш хат жолдады. Мәселені сот кеңесу бөлмесінде қарап, көп ұзамай шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін жазғанымыздай, айыпталушы Дархан Аскентайдан жауап алу кезінде сотталушылардың қорғаушылары прокурор Дана Сәрсенбайдың мінез-құлқына наразы болып, оны ауыстыруды талап еткен болатын.
Аскентай Дарханның іске бүгін жаңадан қосылған қорғаушысы Мәулен Ержанов бастаған қарсылықты өзге қорғаушылар мен сотталушының туыстары бірауыздан қолдады.
Өз кезегінде, мемлекеттік айыптаушы айтылған негіздердің ешқайсысы Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылмағанын, сол үшін қанағаттандырудан бас тарту керектігін айтқан болатын.
Сын-уәж кеңесу бөлмесінде қаралып, келесідей шешім шығарылды.
"Сот прокурор Дана Сарсенбайға қатысты адвокаттың қарсылық білдіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 88-бабында қандай жағдайларда прокурордың сот отырысына қатысуына жол берілмейтіні туралы түсініктеме берілген. Бұл себептер Сарсенбайға қатысты сотпен анықталмаған."Судья Ержан Жанұзақов
Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Куәгерлер де сот алдында жауап беріп болды. Енді 2025 жылғы 6 мамырдан бастап сотталушылар жауап беруде. Іске қатысты өз нұсқасын алғашқы болып Дархан Аскентай айтуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





