Шерзат ісі бойынша сотта жауап беруші Равил Сакиев: Абзал біреуге пышақ тығып алғанын айтты

© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 мамырда Шерзат Полаттың ісі бойынша бас сот талқысы барысында кісі өлімі орын алған Талғардағы жаппай төбелеске қатысушы Равиль Сакиевтен сұрақ-жауап алынды сұралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұзақылық жасады" деп айыпталған Равиль Сакиев 2024 жылдың 3 қазанына қараған түні "Қамажай" дүкеніне не үшін барғанын түсіндірді.
"2024 жылдың 3 қазанында Нұрқияс Ілиясовпен бірге Талғардағы дәмханалардың біріне бардық. Бір күн бұрын біз Эльмира деген қызбен танысқанбыз, оны сол араға шақырдым. Бір сағаттан кейін ол дос қызымен бірге келді. Мен Азаматқа қоңырау шалдым, бірақ онымен Нұрқияс сөйлесті, оған "бізге кел", - деді. Көп ұзамай ол келді. Кейінірек бізге Думан мен Нұрбол қосылды, бірақ оларды кім шақырғанын білмеймін. Бірақ олар тез кетіп қалды. Дәмхана жабылды, мен кассаға барып есепайырыстым, ең соңғысы болып ол арадан Эльмирамен бірге шықтық. Біз бәріміз көлікке отырып, "Қамажай" дүкеніне қарай бет алдық. Мен ол кезде төбелес туралы білмедім. Көліктен шыққан кезде ғана, бірдеңе болып жатқанын түсіндім. Өйткені Дарханның беті қан еді". Равиль Сакиев
Оқиға орнынан Равиль Сакиев ескі танысы - Нұрқанат Ғайыпбаевты кездестіреді.
"Нұрқанат менің жеңімнен тартып, шетке алып шықты. Сөйтіп бір түсініспеушіліктің болғанын айтты: Шерзат Дарханды ұрған. Мен оған Дарханды танымайтынымды әрі бұл іске араласуға келмегенімді айттым. Осы кезде төбелес басталды. Мен дүкенге қарай бет алғанымда артымнан шу шықты. Содан кейін Эльмира мені ол арадан алып кетті. Мен одан өзімді жіберуімді сұрадым, апарған жігіттерді алып кету үшін. Сол кезде атыс болды. Мен "біздікілердің біреуін атып атып өлтірді" деп ойлап, соларға қарай тұра жүгірдім. Өйткені біздің жігіттерде мылтық жоқ еді". Равиль Сакиев
Оның айтуынша, ол Нұрқанат Ғайыпбаевтың мылтықты оқтап, тағы да атқанын көрген. Ол оны тоқтатуға тырысқан көрінеді. Сонымен қатар, ол жерде жатқан қаңылтыр бөтелкені алып, соған қарай лақтырған.
"Бір қарасам ол мылтығын тағы оқтап жатыр екен. Содан кейін мен оның қолына жармастым, бірақ ол мені итеріп жіберді, мен құлап түстім. Орнымнан тұрып, қарасам жерде Нұрқанат жатыр: "жедел жәрдем" деп айқайлады. Нұрқияс одан мылтықты жұлып алып, оны қырымен ұрып жіберді. Мен Нұрқанатты бірнеше рет тептім, алдымен арқасынан, содан кейін ол тұрғалы жатқанда қарнынан тептім. Осы кезде әйелдің шыңғырған даусын естідім. Содан бірінші болып оқиға орнын тастап кеттім, көлікте болдым. Кейін Эльмираны бір жігіт алып келді. Мен Абзалдың мылтық әкеліп, көлікке салғанын көрдім. Біз дүкенге бардық. Абзал маған: "Сөйлесу керек, мен біреуді пышақтап алдым", - деді. Сөйтсем Нұрқанатты екен. Анам қоңырау шалып, полиция мені іздеп жатқанын айтты". Равиль Сакиев
Сондай-ақ, жігіт өзімен бірге пышақ болмағанын айтты.
"Нұрқанат бір айға жуық үнсіз болды, ал бетпе-бет кездескенде "мылтықтан оқ атқан Нұрқанат" деген кезде "ол мені пышақтады" деді, бірақ шындығында жағдай олай емес. Менде қару болған жоқ". Равиль Сакиев
Сотта алты айыпталушыдан жауап алынды, сотталушы орындығында тоғыз адам бар және тек олардың біреуі ғана - Абзал Шынасыл "кісі өлтірді" деп айыпталуда. Қалғандарына бұзақылық бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, Азамат Тоқтаубаевқа жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевтың ұялы телефонын ұрлады деген айып тағылып отыр.
2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жасар Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша жүргізіліп, 11 күдікті қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды