Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайды

22:13, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559677

© Сурет: olympic.kz

6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.

Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!