Алматы тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалды

10:12, 9 наурыз 2026

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызда Алматы тұрғындарын ауа сапасының нашарлауына байланысты ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамынша, 9 наурыз күні Алматыда ауаның ластануына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында азырақ жүргені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!