Щучинск енді Щучучинск емес - жол бойындағы баннерде қате кеткен қала атауы түзетілді

12:42, 1 шілде 2024

© Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

Жол бойындағы баннерде қате жазылған "Щучинск" қаласының ағылшын тіліндегі атауы түзетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазавтожол" әзіл-қалжыңмен хабарлады.

"Қатені өзгерттік: Енді Щучинск! Кеше әлеуметтік желіде Астана-Бурабай бағытындағы баннерде Щучинск қаласының ағылшын тіліндегі атауында сәл қате кеткен ғой. Соны біз бірден өзгертіп, қайтадан дұрыстап жазып қойдық. Анда-санда осылай бір қателердің кетіп қалатыны баааррр енді. Осындай хабар берген біздің оқырмандарға алғыс білдіреміз! Жұмыс апталарыңыз күшті өтсін!",- делінген компанияның Telegram-арнасындағы хабарламасында.

Бұған дейін Ақмола облысының Щучинск қаласының тұрғыны Яна Андреева осы жол белгісіне назар аударып, онда қала атауының қате жазылғанын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!