Қазақстандық теннисшілер Испанияда сәтті өнер көрсетуде
© Сурет: Instagram/_arstnbkva_a_
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Испанияның Сабадель қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда қазақстандық жұп АҚШ өкілі Аяна Акли мен Португалия теннисшісі Ангелина Волощукке қарсы ойнады.
Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылып, 6:3, 6:3 есебімен Арыстанбекова мен Дүйсебайдың пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Испаниялық Алёна Большова мен Анджела Фита Болуда жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, турнир 22 наурызға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 30 мың АҚШ доллары.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:51, 19 наурыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келді
-
11:46, 19 наурыз 2026
Оңтүстікте 500 теңге үшін екі бауыр соққыға жығылды
-
11:37, 19 наурыз 2026
10 көлік, үш жер учаскесі және пәтер тәркіленді: Көкшетауда құрылыс кезінде 160 млн теңге ұрланды
-
11:25, 19 наурыз 2026
Марстан табылған «Қара сұлу» тасы ғаламшар жайлы күтпеген зерттеулерге жол ашты
-
11:15, 19 наурыз 2026
Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп, моноқала санатынан шықты





