Шалқардағы адам өліміне әкелген төбелес: айыпталушы оқиғаның қалай болғанын айтты
© Фото: pixabay
Ақтөбеде 17 жастағы оқушыны өлтірді деп айыпталған 18 жастағы студентке қатысты сот процесі басталды. Қайғылы оқиға 19 наурызда Шалқар қаласында екі топ жастың жаппай төбелесі кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, айыптау тарапының нұсқасы бойынша, сотталушы жанжал болған жерге пышақ алып келіп, жәбірленушінің жүрек тұсына қасақана өлімге әкелетін жарақат салған.
Жас жігіт өзіне тағылған адам өлтіру айыбын мойындамайды. Оның айтуынша, өміріне қауіп төнген соң қорыққанынан пышақ алған.
"Қорқып кетіп, көліктің ішінен қорғануға жарайтын бірдеңе іздей бастадым. Қолғап жәшігін ашқанда пышақты көрдім. Оны тек қорғану үшін қалтама салдым. Көлікке отырғалы жатқанда маған қарай 15 шақты жігіттің жүгіріп келе жатқанын көрдім. Сол кезде Әлихан менің қолымнан ұстап алды, ал қалғандары жабыла кетті. Өліп қаламын немесе мүгедек болып қаламын деп қорқып, пышақпен ұрдым", – деді сотталушы сотта.
Марқұмның туыстары жанжал алдын ала жоспарланған деп есептейді және сотталушыға қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр. Оқиғадан кейін сотталушы төбелес болған жерден қашып кеткен. Кейінірек ол Әлиханның отбасынан кешірім сұраған.
Сот адам өліміне әкелген төбелестің мән-жайын анықтап, айыпталушының әрекетіне құқықтық баға беруге тиіс.
Бұған дейін Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің қаза болуына байланысты іс бойынша тағы екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 11 қыркүйек 2026
Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды
-
10:55, 11 қыркүйек 2026
15 альпинист қар көшкінінің астында қалды
-
10:49, 11 қыркүйек 2026
Алматыда такси 20 тонналық арнайы техникаға соғылды
-
10:41, 11 қыркүйек 2026
«SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы қорытындыланды
-
10:36, 11 қыркүйек 2026
Президент Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты





