Алматыда такси 20 тонналық арнайы техникаға соғылды
© Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 11 қыркүйек күні түнде Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Сүйінбай көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. BYD Qin Plus маркалы такси көлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, әуежайға екі жолаушыны алып бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейфуллин мен Сүйінбай көшелерінің аралығында жолға таңба түсіру жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Такси көлігі дәл сол жерде тұрған көп тонналы арнайы техниканы жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Дегенмен көлік соқтығысқанға дейін тежеуге тырысқан, жолда дөңгелек іздері қалған.
Арнайы техниканың салмағы шамамен 20 тонна болған. Оның ішіне бір жарым тоннаға жуық бояу құйылған.
Қатты соқтығыс салдарынан арнайы техниканың жүргізушісі және жұмыс барысын бақылаған екінші жұмысшы зардап шекті.
Такси жүргізушісі мен оның жолаушылары да жарақат алған.
Такси жолаушылары болған ерлі-зайыптылардың айтуынша, жол апаты кезінде олар ұйықтап жатқан, сондықтан не болғанын бірден түсінбеген. Әйел көлік соқтығысқан сәтте басын көліктің төбесіне соғып, оянып кеткен.
Жұбайлар бал айына саяхатқа шығуды жоспарлағандықтан, ауруханаға жатудан бас тартқан. Олар бұл сапарға ұзақ уақыт ақша жинағанын және жол апатына бола одан бас тарта алмайтынын айтқан. Содан кейін олар басқа таксимен әуежайға қарай бет алған.
Такси жүргізушісі мен үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтауда.
Бұған дейін Алматыда коммуналдық көлікпен соқтығысқан жүргізушінің зардап шеккенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 11 қыркүйек 2026
Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды
-
10:55, 11 қыркүйек 2026
15 альпинист қар көшкінінің астында қалды
-
10:41, 11 қыркүйек 2026
«SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы қорытындыланды
-
10:36, 11 қыркүйек 2026
Президент Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
-
10:33, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда капитал нарығы туралы заң жобасы әзірленді










