Шахтада көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады
Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында шахтадағы апатта көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады. Төрт кенші жарылыс жұмыстары кезінде мерт болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Мерт болған 4 кеншінің денесін жер қойнына тапсырғанына бүгін екінші күн. Марқұмдардың арасында тау-кен шебері, жару жұмыстарымен айналысатын екі жұмысшы және арнайы көліктің жүргізуші болған.
Апаттың нақты неден болғанын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Ал марқұмның туыстары бұл жағдайды Президенттің өзі бақылауына алуын сұрайды. Біз сол шахтада қаза тапқан тау-кен шебері Асхат Кайкановтың шаңырағында болдық. 43 жастағы азамат тәжірибелі маман. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Апаттан бірер сағат бұрын ол жұбайы Жаннамен телефонмен сөйлесіп, Жаңа жылды бірге қарсы алатындарын айтқан. Марқұмның артында жары, үш баласы қалды.
Жанна Досаева, марқұмның жұбайы:
Менің талабым – істі жерге тастамай, қараса Президент. Менің күйеуім 30-ы күні осындай қиын іс болды, іс Президентке дейін жетіп, жазаларын алсын!
Қайғылы жағдай Ақтөбе мыс компаниясына тиесілі "Весенняя Аралчинская" шахтасында болған. "Төрт азамат жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде газдан улануы мүмкін" деген болжам айтылуда.
Шахтада қаза тапқан тағы бір марқұмның туысы компания басшылығының болған жайтқа жауап беруін талап етіп отыр. Оның айтуынша, жарылыс жұмыстары жүргізілген сәтте шеберден басқа басшылық орнында болмаған. Әрі апат туралы туыстарына дер кезінде хабарланбады дейді. Сол сәтте шахтада болған 1 азамат аман қалды. Ол дәрігердердің бақылауында.
Марғұлан Аманбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы:
5 сағат 30-минутта қайтыс болған 4 адамның мәйітін жер бетіне алып шығарылды. Шахтаның тереңдігі - 1,5 км, горизантально -75 м жерде адамдардың өліктері болған. Соны 5-30-да алып шықты.
Ресми ақпарат алу үшін біз компания басшылығыга хабарластық. Алайда, ешкім жауап бермеді. Ал облыстық әкімдік ертең брифинг өтетінін мәлімдеді. Бұл жағдай бақылауымызда болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:48, 17 сәуір 2026
Ормуз бұғазы жабыла ма: Тегеран мәлімдемесі шиеленісті күшейтті
-
20:26, 17 сәуір 2026
Қазақстандық спортшы Өзбекстандағы әлем чемпионатында медаль қорын толықтырды
-
20:00, 17 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
-
19:51, 17 сәуір 2026
Алматыда жаңбыр қашан тоқтайды: синоптик болжамы
-
19:32, 17 сәуір 2026
Шаруа қожалығына арналған жерге иттерге баспана салған: Жамбыл облысындағы оқиғаға сот қандай шешім шығарды





