Сәуірде ТОП-10 банктің үшеуінде ғана салым көлемі өсті

14:27, 29 мамыр 2020

Ұлттық Банктің деректері бойынша, сәуір айында халықтың банктердегі депозит көлемі 32,8 млрд теңгеге қысқарды. Он ірі банктің ішінде тек үшеуінде ғана сәуірде салым көлемі өскен.

Бірінші орынға басқаларды артқа тастаған Kaspi ие болды, тұрғындардың депозиттері бір-ден 74,8 млрд теңгеге өскен. Сәуір айының соңында Kaspi-дегі жеке тұлғалардың салым-дары 1,6 триллион теңгеден асты. Kaspi-дің сәуір айындағы көрсеткіштері жалпы банк сек-торындағы құлдыраудың бір бөлігін өтеді.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:

«Бізбен бірге болғандарыңыз үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына алғыс айтамын! Мобильді қосымшамыздың және ең озық технологиялардың арқасында Kaspi.kz-тің бар-лық өнімдері мен сервистері үйден шықпай-ақ қолжетімді. Kaspi Депозитті мобильді қо-сымшаның өзінде ең аз сомамен – бар болғаны 1000 теңгемен ашуға болады. Депозитке бүкіл еліміздегі кез келген Kaspi Банкомат және Терминал арқылы комиссиясыз ақша са-луға болады».

Депозиттері өскен үш банк қатарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен символикалық өсім көрсеткен Ситибанк бар. ТОП-10-дықтағы қалған банктерде ай бойы салымның ай-тарлықтай азаюы байқалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!